Қазақстандық конькишілер төрт құрлық турнирінде үздік шықты

©olympic

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасы Квебекте (Канада) өткен төрт құрлық турнирінде тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта бірінші болды. Екатерина Айдова бағдарламаның осы түрінде екінші орынды иеленді.

Дмитрий Морозов 1500 метрге жүгіруде екінші нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Виталий Щиголев "алтын" (5000 метр), ал Надежда Морозова күміс (3000 метр) еншілегенін хабарлағанбыз.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар