Қазақстандық биатлоншылар Еуропа чемпионатына қатысты

©olympic

Германияның Арбер аймағында биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында ерлер арасында із кесу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты. 

Аталған санат бойынша жарыс жолына Қазақстан сапынан Әсет Дүйсенов пен Данил Белецкий қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Әсет Дүйсенов 41-ші, ал Данил Белецкий 57-ші болды. 

Ерлер арасында із кесуде норвегиялық Сверре Дален Аспенс үздік атанды. Ресейлік Петр Пащенко екінші болса, Германия өкілі Лукач Фрашер үшінші орынға жайғасты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар