Қысқы спорт
1 ақпан 2022 04:29

Қазақстан президенті Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысады

©akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған", - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Еске салайық, Қытайдағы Ақ ойындар ақпан айының 4 мен 20 аралығы өтеді. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додаға әлемнің 95 елінен 4000 аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport