Қазақ қызы биатлоннан әлемде ең мықты екені айтылды

©Sputnik.by

Биатлоннан Белоруссия құрамасының көшбасшысы Антон Смольский осы маусымда ең үздік деп санайтын спортшыларды атады, деп хабарлайды "Чемпионат".

Ол ерлер ғана емес, әйел спортшыларға да тоқталып, тізімге қазақ қызы Динара Әлімбекованы да қосты.

"Әйелдер мен ерлер арасындағы әлемдегі ең мықты үш биатлоншы? Ерлерден – Кентен Фийон Майе, Йоханнес Бе, Эдуард Латыпов. Әйелдерден – Динара Әлімбекова, Марте Рейселанд, Эльвира Эберг", - дейді Смольский.

Айта кетейік, Әлімбекова 2018 Олимпиадасының чемпионы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар