Қысқы спорт
2 ақпан 2017 20:58
 
Галышева Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатыспайды

  Пікірлер

blog.share

Галышева Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатыспайды ©Vesti.kz

Могул сайысында Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың жеңімпазы Юлия Галышева Жапонияның Саппоро қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатыспайтын болды. Бұл туралы фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина айтты. 

"Универсиадаға қатысқан барлық шәкірттеріме көңілім толады. Трасса өте қиын болды. Бірақ бұл Юлия үшін кедергі болған жоқ. Биыл біз үшін Олимпиада ойындарының лицензиясын жинайтын жыл. Басты мақсатымыз - әлем чемпионатында жақсы өнер көрсету. Сондықтан да Юлия Галышеваны Азия ойындарына жібермейміз деп шештік. Есесіне, оның орнына Аяулым Әрменова барады. Бұл өте талантты қыз. Жуырда ғана Еуропа кубогынде екі рет жеңіске жетті. Ал ерлерлерден Қазақстан намысын Дмитрий Рейхерд пен Дмитрий Барнашов қорғайтын болады", - дейді бапкер. 

Айта кетейік, 2017 жылғы қысқы Азия ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19 және 26 ақпан аралығында өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!