Денис Никиша Алматыдағы әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды

©Kazsports, Сали Сабиров

Шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі Денис Никиша 500 метрлік қашықтықта Алматыдағы әлем кубогінің үшінші кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спорты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореялық Тхэ Сон Ким алтын алса, отандасы Сон Ву Ян қола жүлдені мойнына тақты.

Бұл Денистің биылғы әлем кубогі кезеңдеріндегі екінші күміс медалі. Ол қараша айында АҚШ-тағы кезеңде осы 500 метрде екінші нәтиже көрсеткен.

Осы қашықтықтағы тағы бір спортшымыз Абзал Әжғалиев В финалында мәреге үшінші келді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар