auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Бүкіл спорт допингте. Норвегиялықтарға болады да, ал бізге - жоқ". Құрама бапкері Полторанинге қатысты дау туралы

Спортшының қайын атасы биатлоннан жасөспірімдер құрамасының бапкері.

"Бүкіл спорт допингте. Норвегиялықтарға болады да, ал бізге - жоқ". Құрама бапкері Полторанинге қатысты дау туралы
Алексей Полторанин. Сурет: ҚР ҰОК. Ізтұрған Алдауев©
Қазақстанға еңбек сіңірген жаттырықтырушы әрі биатлоннан жасөспірімдер құрамасының бапкері Михаил Дудченко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Полтораниннің оқиғасы жайында пікірін айтты.

"Иә, қателікке жол берді, бірақ оны толық жасамады. Яғни, қазір бүкіл спорт допинг қолданады, Алексей де соған ынтызар болды. WADA-да тіркелген терапиялар заңдастырылған допинг саналады. Онымен күресу өте қиын, әсіресе норвегиялықтармен. Оларға бәрі рұқсат та, ал бізге болмайды.

Алексей ағаттық жіберген болар... Байқап көргісі келді, бірақ соңғы сәтте бас тартты. Бірақ сол ниеті, ойы үшін де жазалануы ықтимал. Бірақ мен оның таза спортшы екенін бірнеше рет айтқанмын.

Ең қызығы: жеңімпаз болып жүргендердің жартысы осы іспен айналысады, бірақ оларға рұқсат берілген. Өкініштісі - осы. "Біз сырқат адамдармыз" деп айтады. Ресейде де, Қазақстан құрамасында да терапиялық ем қабылдауы керек спортшы жоқ. Ендеше неге норвегиялықтардың бәрі ауру? Мені бапкер ретінде қуантатыны: ол шектен асып кетпеді. Егер солай жасаса, "Леша, кешір" деуге болар еді. Бірақ ол бас тартты ғой", - деді Дудченко.

Естеріңізге салсақ, 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған - Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостатандыққа шықты. Қазір олар спорттан уақытша шеттетілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар