Қысқы спорт
14 қаңтар 2022 13:18
 

Бейжің ойындарына қатысатын спортшы пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Бейжің ойындарына қатысатын спортшы пікір білдірді ©olympic

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі Надежда Морозова Бейжің Олимпиадасына дайындалып жатыр. Спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, төртжылдық додасы қарсаңындағы сезімімен бөлісті. 

blog.share

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі Надежда Морозова Бейжің Олимпиадасына дайындалып жатыр. Спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, төртжылдық додасы қарсаңындағы сезімімен бөлісті. 

"Конькимен жүгіру спортына 2012 жылғы маусымда келдім. Дене шынықтырудан сабақ беретін апайымыз "Алау" мұзайдыны салынған соң, сол жаққа шақырды. Мен үшін бұл спорт түрі мүлде бейтаныс еді. Адамдардың осынша жылдамдықпен сырғанағанын көріп, қатты таң қалғанымды жасырмаймын. Күн өткен сайын осы спортқа шын беріле бастадым. Әлі күнге дейін өзімнің сүйікті ісімді жақсы көремін.

Ал кәсіби деңгейге көтерілуге менің мінезім себеп болды деп ойлаймын. Бүгінге дейінгі жарыстардың ішіндегі ең есте қалғаны – Польшадағы әлем кубогі. Сол сында мен қола жүлдегер атандым. Жеңіске жету үшін физикалық дайындығың, тамақтануың мен ұйқың да бір-біріне сәйкес келуі керек. 

Міне, біздің команданы маңызды жарыс күтіп тұр. Қазіргі таңда күніне екі рет жаттығамыз. Олимпиада ойындары алдында қобалжу да, қуаныш та бар. Бейжіңде жақсы нәтиже көрсеткім келеді, дайындығым жақсы", - деді Морозова. 

Еске салайық, Бейжіңдегі Ақ ойындар ақпан айының 6-20 аралығы өтеді. Төрт жылда бір келетін байрақты бәсекеге әлемнің 95 елінің төрт мыңнан аса спортшысы қатысады.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!