Қысқы спорт
20 ақпан 2022 20:20
 

Бейжің-2022. Қазақстандық спортшылардың Олимпиадада қанша табыс тапқаны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Бейжің-2022. Қазақстандық спортшылардың Олимпиадада қанша табыс тапқаны белгілі болды ©olympic

Бүгін, 20 ақпанда Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Бүгін, 20 ақпанда Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандастарымыздың арасында жүлдеге бір табан жақын болған, жарыстың ашылу салтанатында еліміздің көк туын ұстап шыққан шорт-трекші Абзал Әжғалиев болды. Ол 500 метр қашықтықта мәре сызығын төртінші болып кесті.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хвандар командалық есепте бесінші орынды иеленді.

Осылайша, Әжғалиев Бейжіңдегі нәтижесі үшін 40 000 АҚШ доллар (17,1 миллион теңге) сыйақы алады. Ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) қаржы алады.

Қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар мен бапкерлерге 140 мың доллар (60 миллион теңгеге жуық) қаржы бөлінеді.

Жалпы биылғы Олимпиадада отандастарымыз алтын алған жағдайда 250 мың доллар, күміс жүлде үшін 150 мың, қола медальға 75 мың доллар сыйақы алар еді. Сонымен қатар, төртінші, бесінші және алтыншы орын алған спортшылар – 50 мың, 10 мың және 5 мың АҚШ доллар сыйақы алады.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!