Бейжің-2022. Биатлоннан 12,5 шақырымда француз спортшысы алтын иеленді

©DeFodi Images

Биатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта әйелдер арасында француз Жюстин Брезаз-Буше Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Пхенчхан Олимпиадасының эстафетасында қола алған Буше Қытай жерінде алтыннан алқа тағынды. Тирил Эхофф мәреге екінші болып келді. Норвегияның ең танымал биатлоншыларының бірі Қысқы ойындардағы сегізінші жүлдесін алғанын айта кеткен жөн. Осыған дейін Қытай астанасындағы Олимпиадада үш алтын алған тағы бір норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн қола медальды қанағат тұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар