Алексей Полторанин "Тур де Скидің" Италиядағы кезеңінде топ жарды
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде топ жарды.
15 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында қазақстандық спортшы бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 38 минут 40,3 секундта жүріп өтті. Екінші орын алған ресейлік Андрей Ларьков отандасымыздан 0,4 секундқа кеш келді. Үздік үштікті канадалық Алекс Харви түйіндеді.
Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінде екінші рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Осыған дейін отандасымыз 15 шақырымды классикалық әдіспен жекелей жүріп өтуде күміс жүлде еншілеген еді.
Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша Алексей Полторанин жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Бірінші орында швейцариялық шаңғышы Дарья Колонья келеді. Үштікте ресейлік шаңғышы Сергей Устюгов тұр.
Қыздар арасында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында норвег шаңғышысы Хейди Венг жеңімпаз атанды. Екінші орынды фин Криста Пярмякоски иеленсе, австриялық шаңғышы Тереза Штадлобер үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық Анна Шевченко 16-орыннан көрінді.

Жарнама