Ақмаржан Қалмұрзаева Әлем Кубогінде ондыққа енді

©olympic

Дир-Вэллиде (АҚШ) фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында финалда Қазақстан сапынан Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынады. Ол финалда 75,68 ұпай жинап, тоғызыншы орынға табан тіреп, үздік ондыққа енді. 

Айта кетерлігі, жарыс қорытындысы бойынша Аяна Жолдас 21-ші, ал Жанбота Алдабергенова 27-ші орындардан көрінді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар