2018 жылғы Пхенчан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева спорттың карьерасын жалғастыра береді. Бұл туралы спортшының өзі Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында могул сайысынан кейін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Көңіл күйім түсіп кетті. Өйткені жарыс жолын соңына дейін дұрыс өте алмадым. Біз бұл жарысқа өте көп дайындалдық. Бірдеңе кедергі болды деп айта алмаймын. Ешкімнің кінәсі жоқ. Тек мен айыптымын", - деді Галышова онлайн-конференция барысында.
Еске салайық, Бейжіңде Галышева екінші финалға өте алмай, 11-орынға жайғасты. Бұл оның карьерасындағы төртінші Олимпиада ойындары болды. Ол қазан айында 30 жасқа толады.
2010 жылы Ванкуверде өткен ойындарда отандасымыз 11, 2014 жылы Сочиде жетінші, ал Пхенчан Олимпиадасында үшінші орын алған болатын.
Енді келесі қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Сондай-ақ, Галышева могул сайысында 2019 жылы әлем чемпионы атанды. Ал 2015 және 2017 жылдары Универсиада ойындарында, 2011 және 2017 жылғы Азия ойындарда топ жарды.