Аустралиялық сноубордшы Кэмерон Болтон Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары кезіндегі жаттығу барысында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN-ге сілтеме.
35 жастағы Болтон 10 ақпан, дүйсенбі күні сноуборд-кросс бойынша жаттығу кезінде жарақат алған. Алайда қатты ауырсынуды тек келесі күні сезінген.
Нәтижесінде спортшы тікұшақпен ауруханаға жеткізіліп, тексерістен өтті. Рентген нәтижесінде мойын омыртқасының екі жерінен сынғаны анықталды.
Осылайша, Болтон жарыстардан шеттетілді. Хабарламаға сәйкес, ауыр жарақатына қарамастан, аустралиялық спортшының көңіл күйі жақсы.
2026 жылғы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Бұл жарыста 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Жарнама