Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Нәтижесінде, төрешілер Тихонованы жарыстан шеттеті.
Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өткен.
Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі.