2022 жылғы Олимпиада ойындарында Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Ақнәр Ардақ қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы ZTB/QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.
"Қолдап жатқандарыңызға ерекше алғыс. Бүгін жақсы сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жастан бастап коньки тебемін. Отбасым қазір теледидардан жарысымды көріп отыр. Қазақстаннан келген достарымның жақсы нәтижеге жетуін тілеймін", - деді ол.
Еске салайық, 2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнаәр Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті еткен еді.