Олимпиададағы допинг дауы: Ресейден алтынды алып, спортшысын жарыстардан шеттетеді
Командалық сайыста бірінші орын алған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева жарыстардан шеттетіліп, жекелей сындағы бәсекеге қатыспайтын болды. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы жазды.
Командалық сайыста бірінші орын алған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева жарыстардан шеттетіліп, жекелей сындағы бәсекеге қатыспайтын болды. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы жазды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, спортшыны жарыстардан нақты қанша уақытқа шеттейтіні Олимпиада ойындарынан кейін белгілі болады. Дәл осындай жағдай төрт жыл бұрын керлингтен және бобслейден ресейлік спортшылар Александр Крушельницки мен Надежда Сергеевамен болған.
Ал осы Олимпиадада командалық есепте топ жарған Ресейді алтын жүлдесінен айырады. Қазіргі уақытта британиялық Іnside the Games таратқан ақпараттан кейін, ХОК-қа үлкен қысым жасалуда.
Дегенмен осы уақытқа дейінгі белгілі болған мәлімет бойынша, ресейлік қолданған препарат спорттық нәтижеге еш әсер етпейді. Ол тек кардиологиялық проблеммалардың алдын алу үшін қолданылады.
Еске салайық, құрамында Валиева бар Ресей құрамасы командалық есепте Олимпиаданың алтынын жеңген болатын. Ал АҚШ құрамасы екінші, Жапония құрамасы үшінші орын алды.
Одан бөлек, Камила Валиев 15 және 17 ақпан күндері өтетін жекелей сындағы сайысқа қатыру керек тұғын.
Жарнама