Олимпиада рекорды тіркелген жарыста отандасымыз Дмитрий Морозов жиырмалыққа енді

©ҰОК, Сали Сабиров

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 1500 метрге конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл сында Қазақстан атынан Дмитрий Морозов сынға түскен болатын. Ол жеңімпаздан 3.80 (1:47.01) секундқа ұтылып, Олимпиаданы 18-ші орынмен аяқтады. 

Аталған қашықтықта Олимпиада рекордын орнатқан (1:43.21) нидерландылық Кьелд Нёйс жеңіске жетті. Күміс жүлдені оның отандасы Томас Крол  (1:43.55) иеленген. 

Ал қола жүлде Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Соктың  (1:44.24) еншісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін