2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы хоккейден топтық кезеңдегі АҚШ пен Канаданың әйелдер құрамаларының матчінде оқыс жағдай болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оқиға ойынның екінші кезеңінде болды. Америкалық хоккейшілердің шабуылы кезінде шетте тұрған төреші Сианна Лифферске америкалық Аманда Кесселдің клюшкасы тиді.
Бұл соққы салдарынан төрешінің ерні жарылып кеткен. Лифферске дәрігерлік көмек жасалып, ол мұзайдынан кетуге мәжбүр болды.