Қазақстандандық Надежда Морозова конькимен жүгіруден масс-старт бойынша Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бейжіңде Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында конькимен жүгіруден масс-старт бойынша жартылай финал мәресіне жетті. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Надежда Морозова қатысты. Жартылай финал қорытындысы бойынша ол өз тобында сегізінші орынға табан тіреді. Ереже бойынша, жартылай финалда үздік сегіздік ақтық финалға жолдама алады.
Айта кетерлігі, финалдық бәсеке елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.