Бүгін, 16 ақпан күні Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиадада тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин жарыс жолына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Слалом сайысындағы бірінші мүмкіндігінде қазақстандық спортшы 43 нәтижеге қол жеткізді. Бір қызығы біздің отандасымызды қысқы спорты мүлде нашар дамыған Бразилия мен Гаити спортшылары озып кетті. Бразилиялық Мишель Маседо 37-орын алса, гаитилік Ричардсон Виано 42-ші болды.
Бұл сайыстағы екінші мүмкіндік 11:42-те басталады.
Айта кетейік, бүгін Олимпиадада шаңғы жарысынан Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина, шорт-тректен Ольга Тихонова ел намысын қорғайды.