Сюй Мэнтао 2022 жылғы Олимпиадада Қытай қоржынына бесінші алтынды салып, командасын жүлделік есепте алтыншы орынға шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қытайлық спортшы әйелдер акробатикасында финалдық турнирде 108.61 балл жинап, жеңімпаз болды. 2018 жылғы Олимпиада чемпионы белоруссиялық Анна Гуськова (107.95) мен америкалық Меган Ник (93.76) үздік үштікте.
Қазақстанның екі спортшысы финалға дейін жете алатын еді: Жанбота Алдабергенова іріктеу кезінде жарыстан шығып қалды, ал Ақмаржан Қалмұрзаева бірінші финалда қосымша мүмкіндігін пайдаланбады.
Енді Қытай құрамасы (5-3-2) алтыншы орынға шығып, Ресей (4-6-8) мен Аустриядан (4-6-4) жоғары жайғасты. Көшбасшылықты Норвегия (9-5-7) сақтап келеді, ал топ-3 тізімде Германия (8-5-1) мен АҚШ (7-6-3). Ары қарай Нидерланды (6-4-2) мен Швеция (5-3-3).