Қытай құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Олимпиаданың жүлделік есебінде көш басына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аспан асты еліне үшінші алтынды фристайлшы Эйлин Гу биг-эйр сынында жеңіп алды. Бұл жарыста екінші франциялық Тесс Леде, ал үшінші - швейцариялық Матильда Гремо болды.
Қазір Қытай қоржынында үш алтын және екі күміс бар. Кеше Швеция көш бастап келе жатқан Ресейдің алдына түскен болатын. Шведциялықтарда тек алтын жүлделер - үшеу. Қазір бұл ел екінші орынға түсті. Ал екі алтын, үш күміс және екі қола жинаған Ресей үшінші орында.