1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Қысқы Олимпиадада спортшыларға таратылатын 10 мың презерватив таусылған

  Пікірлер

blog.share

Қысқы Олимпиадада спортшыларға таратылатын 10 мың презерватив таусылған ©Global Look Press

"Милан – Кортина-2026" қысқы Олимпиадасы кезінде спортшыларға арналған тегін презервативтер Олимпиада ауылында небәрі үш күнде таусылды, деп хабарлайды Stampa басылымы.

blog.share

"Милан – Кортина-2026" қысқы Олимпиадасы кезінде спортшыларға арналған тегін презервативтер Олимпиада ауылында небәрі үш күнде таусылды, деп хабарлайды Stampa басылымы.

Басылым мәліметінше, жарыс қатысушылары үшін шамамен 10 мың дана контрацепция құралы дайындалған. Алайда бұл көлем жеткіліксіз болып шыққан. Салыстыру үшін, екі жыл бұрын өткен "Париж-2024" жазғы Олимпиадасында ұйымдастырушылар шамамен 300 мың презерватив таратқан.

"Қор үш күнде толық таусылды. Бізге жаңа партия жеткізілетіні айтылды, бірақ нақты қашан келетіні белгісіз", — деді аты-жөнін жарияламаған спортшылардың бірі.

Repubblica газетінің жазуынша, Олимпиада ауылдарында презервативтерді тегін тарату тәжірибесі 1988 жылдан бері бар. Бұл дәстүр тек 2021 жылы пандемиядан кейін өткен "Токио-2020" Олимпиадасында уақытша тоқтатылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!