1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Қазақстандықтар шаңғышылар Олимпиада спринттінде келесі кезеңге де өте алмалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандықтар шаңғышылар Олимпиада спринттінде келесі кезеңге де өте алмалды ©ҚР ҰОК

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан спринт бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды.

blog.share

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан спринт бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Жарыс жолына Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.

Келесі кезеңге өту үшін іріктеу қорытындысы бойынша үздік 30 спортшының қатарына ену қажет болды.

Нәтижесінде Дарья Ряжко 55-орын, Анна Мельник 58-орын, Надежда Степашкина 63-орын, ал Ксения Шалыгина 72-орын иеленді.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені швециялық Линн Сван көрсетті.

Ал ерлер арасында шаңғы жарысынан ширек финалға шығу үшін Қазақстан құрамасының үш өкілі бақ сынады.

Әйелдер жарысындағыдай, іріктеуден сәтті өту үшін үздік 30 спортшының қатарына кіру қажет болды.

Виталий Пухкало 75-орынмен мәреге жетсе, Әмірғали Мұратбеков 76-орын алды. Ал Наиль Башмаков 85-орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені Норвегия өкілі Йоханнес Клебо көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!