Қазақстандық шаңғышылар Олимпиадада спринттен іріктеу жарысынан аса алмады

©ҚР ҰОК, Тұрар Қазанғапов

2022 жылғы Олимпиадада қазақстандық шаңғышылар еркін стилдегі спринт іріктеуінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшылар үздік отыздықтан көріне алмады, осының себебінен 1/4 финалға өте алған жоқ.

Осылайша, Надежда Степашкина 51-ші, Ангелина Шурыга - 60, Ксения Шалыгина - 67, Ирина Быкова - 68-орында келді.

Еске салайық, бүгін Бейжіңде қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы биатлон бойынша жекелей сында 20 шақырым қашықтықта өнер көрсетеді. Жарысқа Александр Мухин мен Владислав Киреев шығады.

Сонымен қоса, шаңғымен спринттің еркін стилінде ерлер арасында Евгений Величко мен Виталий Пухкало да сынға түседі.

Сонымен қоса, ерлер арасында 1500 метр қашықтықта Дмитрий Морозов та бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін