Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада бесінші болды

©ҚР ҰОК/Сали Сабиров

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада бесінші болды.

Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда өнер көрсетті.

Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.

АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен  франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport