Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының басталуына он күн қалды. Осыған байланысты Қазақстан құрамасы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін Олимпиада-2026 ойындарына қатысатын спортшылардың ресми тізімін бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына 10 спорт түрінен 36 спортшымен барады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді. Дүбірлі дода 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Мәнерлеп сырғанау
Михаил Шайдоров
Софья Самоделкина
Фристайл-могул
Юлия Галышева
Анастасия Городко
Аяулым Әмренова
Павел Колмаков
Фристайл-акробатика
Шерзод Хаширбаев
Асылхан Асан
Дінмұхамед Райымқұлов
Роман Иванов
Аяна Жолдас
Биатлон
Владислав Киреев
Әсет Дүйсенов
Айша Ракишева
Милана Генева
Шаңғы жарысы
Виталий Пухкало
Әмірғали Мұратбеков
Наиль Башмаков
Ксения Шалыгина
Надежда Степашкина
Дарья Ряжко
Анна Мельник
Конькимен жүгіру
Евгений Кошкин
Надежда Морозова
Кристина Силаева
Арина Ильященко
Елизавета Голубева
Шорт-трек
Абзал Әжіғалиев
Денис Никиша
Яна Хан
Ольга Тихонова
Тау шаңғысы
Ростислав Хохлов
Александра Скороходова
Трамплиннен шаңғымен секіру
Илья Мизерных
Данил Васильев
Шаңғы қоссайысы
Шыңғыс Ракпаров
Сондай-ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары анықталды. Бұл міндет Денис Никиша мен Аяулым Амреноваға жүктелді.
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары-2026 тарихта алғаш рет екі қалада қатар өтеді. Ойындардың қожайындары — Милан мен Кортина-д’Ампеццо (Италия).