Қазақастандық спортшылар Олимпиада жарыстарын 3 ақпан бастайды

©inbusiness.kz

Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды. Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Ойындарды "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" және "El arna" телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін