Қысқы Олимпиада
9 ақпан 2022 10:07
 

Қазақ қызының сұлулығы Олимпиада жанкүйрелерін тәнті етті

  Пікірлер

blog.share

Қазақ қызының сұлулығы Олимпиада жанкүйрелерін тәнті етті ©AP

2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнар Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZTB.kz сайтына сілтеме жасап.

blog.share

2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнар Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZTB.kz сайтына сілтеме жасап.

Ардақ 1999 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. Ол 1 маусымда 23 жасқа толады. Қыздың әкесі қайтыс болған, анасы мұғалім болып жұмыс істейді.

Ол бала кезінен бері коньки мен мұзды жақсы көрген. Ардақ спорттық карьерасының басында халықаралық жарыстарға шорт-тректен қатысқан, ал 2018 жылдан бастап конькимен жүгіру спортынан өнер көрсете бастады. Ол бұған дейінгі бір жарыста ел рекордын жаңартты.

Ол сұхбаттарының бірінде өзінің спортқа деген қызығушылығы белгілі қытайлық конькимен жүгіруші, ал қазір жаттықтырушысы Синь Циньшаньге байланысты туындағанын айтқан. Ол оның спортта дамуына көмектескен.

Ардақ қаңтарда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу барысында 3000 метр және 5000 метр қашықтықта екі мәрте бірінші орын алған. Сөйтіп ұлттық құрамаға қосылған.

Ол Олимпиадада 3000 метр қашықтықта бір рет өнер көрсеткен. Нәтижесі - 17-орын. Спортшының алда медаль алуға тағы екі мүмкіндігі бар - 1500 және 5000 метр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!