Қазақстанда дүниеге келіп, бала кезінде анасымен Беларусь еліне көшкен Динара Әлімбекова Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында биатлоннан 15 шақырымға жекелей сында бесінші орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл жарыста неміз қызы Дениз Херманн (44:12.7) топ жарды. Ол жарыс жолында бір ғана нысананы дәл көздей алмады. Екінші орынға франциялық Анаис Шевалье-Буше (бір нысананы көздей алмады) жайғасса, үздік үштікті норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн (бір мәрте мүлт кетті) түйіндеді.
Беларусь атынан жарысқа қатысқан Әлімбекова болса бір рет мүлт кетіп, көшбасшыдан 31,7 секунд қалды. Ал Қазақстан намысын қорғаған Галина Вишневская-Шепоренко (+5:19.6) бір рет мүлт кетіп, 44-орын алды.