Бүгін, 14 ақпан Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Олимпиадада Қазақстан тек бір жарыс түрінен сынға қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйелдер арасындағы акробатика бойынша фристайлшы Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынайды. Жүлдеге таласа алау үшін оларға квалификациядан өту қажет.
14 ақпан кестесі
Фристайл-акробатика:
13:00. Квалификация 1
13:45. Квалификация 2
17:00. Финал 1
18:00. Финал 2