Хоккейден Финляндия құрамасы өз тарихында үшінші рет Олимпиада алтыны үшін таласады, деп хабарлайды Vesti.kz. Команда жетінші рет турнир жүлдегері болып отыр.
Қысқы ойындардың екі дүркін күміс жүлдегерлері Словакияны ұтып, Бейжің Олимпиадасының финалына шықты.
Жеңіс шайбасын салған Сакари Маннинен болды (19-шы минут). Екінші голды Харри Песонен бос қақпаға салды.
Екінші жартылай финалда Ресей мен Швеция ойнайды. Матч 19:10-да басталады.