Қазақстандық фристайлшы қыздар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында могул бойынша екінші іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі спортшы да алғашқы іріктеу сайысымен салыстырғанда өз нәтижелерін жақсартып, екінші квалификация қорытындысы бойынша топ-10 қатарына енді. Бұл көрсеткіш оларға финалға автоматты түрде қатысуға мүмкіндік берді. Бұл қазақстандықтарға шешуші кезеңге шығу міндетін мерзімінен бұрын орындауға жол ашты.
Әйелдер арасындағы могул финалы бүгін, 11 ақпанда өтеді. Басталуы - Қазақстан уақытымен 18:15.
Бұған дейін финалға жолдаманы Юлия Галышева да жеңіп алған еді. Осылайша, Қазақстанның үш өкілі - Галышева, Городко және Амренова - Олимпиада-2026 аясында могул дисциплинасында екінші іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалда жүлде үшін күресті жалғастырады.
Жарнама