Финляндия хоккейшілері тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанды

©championat

Хоккейден Финляндия құрамасы тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бейжің-2022 Қысқы ойындарында "суоми" ойыншылары финалда Ресей командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Осыған дейін ақ ойындарда 1988 және 2006 жылдары турнирдің финалына дейін жеткен еді. Сонымен қатар, 1994, 1998, 2010 және 2014 жылдары қола жүлдегер атанып келген.

Еске салайық, хоккейден биылғы ойындардың қола жүлдесін Словакия құрамасы иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін