Финляндия Бейжіңдегі Олимпиадада алғашқы алтынын жеңіп алды

©belta.by

Шаңғышы Иво Нисканен 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан топ жарды. Бұл Финляндия құрамасының ХХІV қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Скиатлонда алтын жүлде алған ресейлік Александр Большунов бұл сайыста екінші болды. Ал үздік үшітікті спринт сайысының чемпионы норвегиялық Йоханнес Клебо түйіндеді. 

Аталған жарыста Қазақстан намысын қорғаған Виталий Пухкало болса 25 орынға жайғасты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін