Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Бейжің Олимпиадасының масс-стартында үздік 15 спортшының қатарына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өкінішке қарай Морозова финалда тек төртінші болды.
Турнир чемпионы нидерландиялық Ирен Схаутен. Екінші орында канадалық Ивани Блонден, үшінші италиялық Франческа Лоллобриджида болды.
Морозова финалға 2018 жылғы Олимпиада чемпионы жапониялық Нана Такаги құлағаннан кейін шыққан еді.