Эстония құрамасы қысқы Олимпиададағы бірінші жүлдесін жеңіп алды

©unep.org

Фристайлдан Эстония құрамасының өкілі Келли Силдару Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Силдару слоупстайлда еркін бағдарламада бақ сынап, 82,06 ұпай жинады. Осылайша, ол Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.

Бұл сайыста швейцариялық Матильда Гремо алтын алса, күмісті қытайлық Эйлин Гу еншіледі. 

Айта кетейік, бұл осы Олимпиададағы Эстония құрамасының бірінші жүлдесі. Ал Қазақстан құрамасында әлі жүлде жоқ. Бүгін Бейжіңде жарыс жолына қоссайыстан Шыңғыс Ракпаров пен фристайлдан Шерзод Хаширбаев ел намысын қорғайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін