Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан финалға өте алмады.
Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков командалық спринт сайысына қатысты.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық шаңғышылар 6:35.34 уақыт көрсеткішін тіркеп, 27-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже финалға жолдама алу үшін жеткіліксіз болды.
Еске салайық, финалға 15 үздік команда өтті.
Бұған дейін осы дисциплинада Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко да іріктеу кезеңінен өте алмаған еді.
Жарнама