"Ең қиын элементті орындадым". Олимпиада жүлдесіне таласқан Ақмаржан Қалмұрзаева пікір білдірді

©ҚР ҰОК

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиадада фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева бірінші финалға дейін жетті. Нәтижесінде іріктеуде іркілмей өткен отандасымыз жалпы есепте жүлдеге таласқан 12 спортшының арасынан 11-орынға табан тіреді.

"Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Бірінші мүмкіндігімде қате жібердім. Мұндай сәттерді төрешілер қаперде ұстайды. Екінші рет секіргенде шаңғым жарыс жолынан шығып кетті. Егер спортшы трамплинге жете алмай қалса, ең соңында немесе төреші анықтаған рет бойынша қайтадан секіреді. Өкінішке қарай, мұндай сәтті толығымен пайдалана алмадым. Сондықтан, 11-орында қалдым. Іріктеуде өзімнің қолымнан келетін ең қиын элементті орындадым. Психологиялық тұрғыдан қиын болды. Іріктеу де өте қиын өтті. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет айтамын", - деді Қалмұрзаева Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, бұл Ақмаржанның спорттық карьерасындағы екінші Қысқы ойындары. Осыдан төрт жыл бұрын ол Пхенчханда 22-орынға тұрақтаған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін