Бейжіңде Олимпиада ойындары бойынша конькимен жүгіруден ерлер арасында масс-старт жарысы өтті. Аталған бәсекеге Қазақстан сапынан Дмитрий Морозов қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Масс-старт жарысында Қазақстан сапынан қатысқан Дмитрий Морозов жартылай финалда оныншы болды. Бұл нәтиже отандасымызға финалға шығуға мүмкіндік бермеді.
Айта кетерлігі, ақтық сынға жартылай финалда үздік сегіздіктен көрінген спортшылар жолдама алады.