Бүгін, 3 ақпан фристайлдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева 2022 жылғы Бейжіңде өтетін Олимпиададағы сайысын бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Галышевадан басқа тағы бес қазақстандық спортшы стартқа шығады, жарыстың толық кестесі төмендегідей.
Қазақстан 2022 жылғы Олимпиада ойындарында (3 ақпан)
16:00 - фристайл-могул, квалификация, Е және Қ (Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков).
Могул, ерлер. Бірінші біліктілік.
17:45. Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков.