Бейжің Олимпиадасында оң нәтиже көрсеткен бірінші допинг сынама анықталды

©championat.com

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада бірінші оң нәтиже көрсеткен допинг сынама анықталды. Халықаралық допингке тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап отырған "Чемпионат" порталының хабарлауынша, Иранның тау-шаңғышысы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған. 

36 жастағы спортшы Қысқы ойындардың ашылуы салтанатында Иран туын ұстап шыққан. Қазір ол жарыстан уақытша шеттелді.  

Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочи Олимпидасына қатысқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін