Бейжің Олимпиадасы: Қазақстандық спортшылар бүгін қалай өнер көрсетті?

©ҰОК, Владислав Семенов

Бүгін, 7 ақпан күні Қытай астанасы Бейжіңде үшінші жарыс күні аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшылар арасында бірінші болып жарыс жолына конькмен жүгіру сайысында 1500 метр қашықтыққа Надажде Морозова мен Екатерина Айдова шықты. Олар жарысты 14 және 18-ші орындарда аяқтады. Бұл жарыстың чемпионы Олимпиаданың рекордын орнатқан нидерландылық Ирен Вюст атанды. 

Содан соң Галина Вишневская-Шепоренко жарыс жолына шықты. Ол 15 шақырымға жекелей жарыста 44-орын алды. Ал неміс қызы Дениз Херманн болса Олимпиаданың чемпионы атанды. 

Осылайша, Олимпиаданың үшінші күнінде де Қазақстан құрамасына ешқандай жүлде бұйырмады. Жалпыкомандалық есепте 3 алтын жүлде иеленген Швеция құрамасы бірінші орында. Екінші сатыда Ресейдің олимпиадалық құрамасы (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) тұрса, үшінші орында Нидерланды (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) жайғасты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін