Бейжің-2022. Қытай медальдар жиынтығы бойынша үздік үштікке енді

©РИА Новости

Қытай астанасындағы Қысқы Олимпиада ойындарында жалпы командалық есепте Норвегия құрамасы көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Скандинавиялық спортшылар XXIV қысқы ақ ойындарда 16 алтын, 8 күміс және 13 қола жүлде еншіледі. 12 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль алған Германия командасы екінші орынды иеленсе, жарыс қожайындары үздік үштікті түйіндеді. Қытай құрамасы 9 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде алды.

Gracenote басылымының болжамынша, Қытай Олимпиадасында үшінші орын алуы тиіс Ресей командасы (6-12-14) нәтижесінде тоғызыншы орынға табан тіреді. Ал жалпы есепте төртінші алуы иіс АҚШ (8-10-7) спортшылары расымен төртінші орыны иеленді.

Медальдар жиынтығы бойынша Норвегия (37) бірінші, Ресей (32) екінші және Германия (27) үшінші орындарды иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін