Бейжің-2022. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысына қатысты

©olympic

Қытай астанасындағы Ақ ойындарда шаңғымен 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы сын аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл сында ел намысын Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкиналар қорғады. 

Жарыс қорытындысы бойынша Ангелина Шурыга 52-ші, Ксения Шалыгина 53-ші, Надежда Степашкина 57-ші және Валерия Тюленева 59-шы орын алды. 

Ал норвегиялық Тереза Йохауг алтыннан алқа тағынды. Финляндиядан келген Керту Нискассен күміспен күптелсе, қола медаль тағы бір суомиден келген спортшы Криста Пармакоскиге бұйырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін