Бейжің-2022. Қазақстандық биатлоншылар қатысқан жарыста француз спортшысы алтын иеленді
Бейжің-2022 Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан 20 шақырымдық дистанцияда француз Кентен Фийон Майе алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бейжің-2022 Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан 20 шақырымдық дистанцияда француз Кентен Фийон Майе алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
29 жастағы биатлоншы мәре сызығын 48:47.4 уақытымен жүріп өтті. Беларуссиялық Антон Смольский екінші орынды иеленсе, үздік үштікті ақ ойындардың екі дүркін жеңімпазы Йоханнес Тиннес Бе түйіндеді. Норвегиялық спортшы Майеден 31.1 секунд қалдып келді. Йоханнес Бенің інісі, Олимпиада чемпионы Тарий Бе мәре сызығын сегізінші болып кесті.
Қазақстандық биатлоншылардан Владислав Киреев 25-орынға (+3:41.8) тұрақтады. Сонымен қатар, аталмыш дистанцияда жүлдеге таласқан отандасымыз Александр Мухин 52-орынға табан тіреді.
Жарнама