Зимняя Олимпиада
15 ақпан 2022 23:16

Бейжің-2022. Хоккейден ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды

©championat

Хоккейден Чехия құрамасы Швейцария командасына Бейжің-2022 Қысқы ойындарында плей-офф раундының бірінші айналымында ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Кездесуде бірінші болып чехтер есеп ашқанымен артынша төрт шайба өткізіп алды. Жалпы матч барысында Чехия хоккейшілері екі шайба соқты. Қорытынды есеп 2:4. 1998 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы осыған дейін турнир кестесінде жетінші орыннан төмен түсіп көрмеген.

Енді ширек финалда Швейцария мен Финляндия кездеседі. Басқа жұптарда АҚШ пен Словакия, Ресей мен Дания құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар, Швеция мен Канада елінің спортшылары сынға түспек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport