Бейжің-2022: Фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңі ертеңге ауыстырылды

©Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу сынының басталуы уақыты өзгерді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс кейінге шегерілді. Алғашқы жоспар бойынша, бәсеке 13 ақпан күні 17.00-де басталуы тиіс болатын. 

Енді жарыс 14 ақпанда өтеді. Басталу уақыты кейін белгілі болмақ.

Айта кетелік, бұл бағдарламада Қазақстан атынан Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова сынға түседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін