Америка құрамасы қысқы Олимпиадада тағы бір алтын жүлде жеңді

©sportrg.ru

Бүгін, 16 ақпан Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың жарыс күніндегі алғашқы алтынды АҚШ құрамасы жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

АҚШ құрамасының қоржынына алтынды фристайлдан Александер Холл салды. Ол слоупстайл сайысында 90.01 ұпаймен топ жарды. 

Күміс жүлдені тағы бір америкалық Николас Гиппер еншіледі. Ол 86.48 ұпай жинады. Қола жүлдені 85,35 ұпай жинаған швецялық Йеспер Тьядер алды. 

Айта кетейік, бұл АҚШ құрамасының осы Олимпиададағы 8 алтын жүлдесі. Қазір бұл құрама жалпы командалық есепте үшінші орында. 8 алтыннан бөлек олардың еншісінде 7 күміс, 4 қола бар. 

Ал көш басында Норвегия (12 алтын, 7 күміс, 7 қол) тұрса, екінші сатыға Германия (9 алтын, 6 күміс, 3 қола) жайғасты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін